Конституция – дамудың кепілі

Өзімнің ағылшын профессоры, «дамушы елден бәсекеге қабілетті елге транзиті» атты концепциясының авторы, П. Фердинандпен болған сұхбатымда менің қызығушылық танытып сұрағаным бар еді – неге заманауи мемлекеттерге институционалдық реформаларды жүргізу соншалықты маңызды? Неліктен арнайы даму «модельдерін» зерттеп, қабылдау қажет? Өйткені қоғамның жаңғыртылуы мен реформалардың жүргізілуі адамдарға байланысты емес ғой. Сондағы маған профессордың айтқаны, әрине реформаларды көшбасшылар енгізеді, алайда сол өзгерістердің әрі қарай қалыпты түрде дамуы қоғамдағы институттарға байланысты.

Институционалдық реформаларды жүргізудің маңыздылығы жайында Германияда 1990 және 2000 жылдар аралығында орын алған мысалды келтіргім келеді. Бұл уақыт аралығында неміс қоғамында Германия өзінің өркенді дамуын әрі жалғастыру үшін қандай жолмен дамуы тиіс деген мәселе бойынша қызу талқылау жүріп жатты. Еуропадағы экономикасы ең мықты дамыған Германия секілді ел осындай сұрақты талқылауға мәжбүр болғандығы мүмкін қазіргі жағдайда елестету қиын шығар, тіпті сенгісіз болып көрінуі мүмкін. Алайда бұндай талқылау келесі жайттан туындады. Неміс зерттеушілері Б. Хомбак, Р. Дахендорф, А. Гидденс және М. Ленардтың пайымдауларынша, ХХ ғасырдың 90-ы жылдарының басындағы Германия қоғамы өзін Еуропадағы ең алдынғы мемлекет есебінде көріп, сол кезге жеткен дамуын шегелеп қоюды шешкен. Дегенмен 2000-ы жылдарға қарай немістердің өздерінің мойындауларынша елдің әлеуметтік-экономикалық моделі басқалармен салыстырғанда күрт төмендеп, артта қалып қойды. Сондықтан оны жедел түрде реформалауды қажет етті. Бұл жағдай айтылған неміс қоғамының шешімінің салдары болды. Себебі қабылданған әлеуметтік даму модельге сәйкес ілгері модернизациялану мен қоғамның реформаландыруы қарастырылмаған еді. Нәтижесінде Германия тоқырау мен үдемелі кедейшіліктің келбетін иелене бастады. Немістердің танымал публицисті Юрген Роттың сол кездегі шыққан кітабында Германия әлеуметтік, мәдени және саяси өмірінде кейін қалған ел ретінде суреттелген. Тек 1990 мен 2000 жылдар аралығында Германиядан 900 000 жас немістер эмиграцияға кеткен. Бұндай жағдай Германияда Екінші әлем соғысынан бері болмаған жағдай болды. Неміс жастарының айтуларына сәйкес олардың елден кетулерінің ең басты себебі – неміс қоғамының «қатып қалған» жағдайы мен келешек дамудың жоқтығы еді. Бұл Германияның қоғамдық институттарды реформалаудан бар болғаны 10 жылға кешіктірілгендігінде болды.

«Қатып қалған» онжылдықтың нәтижесі ретінде Германияда келешек даму мәселесі төңірегінде саяси және сарапшы орталарында тоқтаусыз пікірталастар орын алды. Неміс халқының мойындауынша бұндай үздіксіз пікірталастар елдің проблемаларын шешуде, экономиканы жаңғыртуда, халықтың ахуалын көтеруге бағытталған ортақ әрі нақты жоспардың болмауына әкелді. Сол себепті, елдің әлемдегі орын алып жатқан жағдайларға өзіндік баға бере алатын сыртқы саясаттың болмауына да себепші болды. XX ғасырдың 90 жылдарының аяғына қарай Германияда «жаңа қоғам» құру идеясы кең етек жайды. Сол уақытта немістерді ең басты қызықтырған cұрақ ол олардың күнделікті жеке өмірлерін жақсартуға бағытталған түсінікті және нақты шешімдер еді.

Сондықтан бүгінгі таңда еліміздің жеткен көптеген жетістіктері мен ауқымды нәтижелеріне қарамастан конституциялық реформалар аясында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саяси өкілеттілікті Президент институтынан биліктің басқа институттарына беру ұсынысы уақтылы және орынды деп есептеймін. Себебі бұндай бастама Қазақстанды ұзақмерзімді келешекте заманауи әрі озық мемлекеттердің қатарына кіруіне себепші боларына сенімдімін.

Қазақстандағы 11-жылдық мектеп білімі басынан-аяғына дейін тек мемлекеттік қазақ тілінде болуы тиіс

foto Бүгінгі таңда біздің қоғамымыз мектептердегі оқыту әдісін үш тілде беру туралы заңды қызу талқылауға алып жатыр. Оның мәнісі де, орыны да бар. Себебі халқымыздың алға қойып отырған арманы, идеясы – ол мәңгілік ел, яғни ұлттық демократиялық, тұтас, бекім мемлекет құру. Сондықтан елімізде 11-жылдық мектеп оқушылары жалпылай тек мемлекеттік қазақ тілінде білім алулары тиіс. Ал оқушы, немесе оның ата-аналары өз баласының өзге тілдерде оқығанын қаласа, ондай жағдайда қосымша тіл сабақтарын алып жеке бастарының тілдік деңгейлерін кеңейтуге ерікті. Бұндай талпынысқа шектеу жоқ. Расында әр тілден, сол арқылы әр халықтың мәдениетінен үйренеріміз көп. Алайда, дербес мемлекет құра отырып, өзіміздің келешек жастарымыздың, ұрпақтардың сана-сезімін, ой-толғауын, өмірлік танымын біз неге басқа тілдерде тәрбиелеуіміз қажет?

Мысалы, бұрын еліміздегі мектептерде екі тілде оқыту кең орын алды. Егерде біз келешек ұрпақтың толыққанды білім алуын көздесек, онда 11-жылдық мектеп партасындағы оқушының назарын үш жаққа бөлмей, бір бағытпен қазақ тілінде сапалы оқытуымыз қажет. Осы арқылы көптеген қоғамдағы, еліміздің дамуындағы және Қазақстандағы әр азаматқа тиесілі мәселелер өз шешімдерін оңынан табар еді. Кезінде «Болашақ» стипендиясының бакалавриат бағдарламасын қаржыландыруын тоқтатқан кезде, ел ішінде бұл шешімді жақтағандар көп болды, себебі шетелге мектептен кейін оқуға барған 18-жастағы жастар сол елдердің мәдениетінің ықпалына тез түсіп, сол жақта тұрмыс құрып, кейін қалып қойып жатқан жағдайлар көптеп кездесті. Бұл тұжырым сол кезде жастарымыздың сана-сезімдерінің бекіп, өз елдеріне деген сүйіспеншілігі артқаннан кейін шетке жіберуге болады деп қабылданды. Ал бүгін ел ішінде отырып жастарымыздың барлығын жалпылама үш тілде оқытудың қандай қажеттілігі бар? Әлде миллиондаған келешек жастарымыздың елімізден шетелге баруларына ықпал жасап жатырмыз ба? Біз өзге елдер үшін кадр дайындайтын «полигон» емеспіз ғой. Бұл бірінші мәселе.

Екіншіден, қазіргі уақытта, әр оқушының бір бөлек тұлға екенін және әр баланың өзінің оқу қабілетінің әрқилы болатындығын естен шығармауымыз керек. Мысалы, өзінің келешегін академиялық немесе дипломатиялық мамандықпен, немесе шет еліне, әлде шетел компанияларында жұмыс жасауды жоспарламайтын бүлдіршіндерді біз неге ерте мектеп жасынан қинап, бір мектептік оқу материалын үш тілде бөліп беруіміз қажет? Бұндай әдісті жас балалардың ойлары қабылдай ала ма? Сондықтан, ағылшын, орыс тілдерін орта мектептерде бұрынғыша тек пән ретінде қалдырғаны дұрыс. Себебі бір тілді толық меңгерген бала басқа тілдерді де тез үйреніп, әрі қарай өзі алып кетеді.

Үшіншіден, біз Қазақстанды келешегі бар мемлекет ретінде, біртұтас қоғам ретінде көргіміз келсе, онда біз және бізден кейінгі жаңа ұрпақ өкілдері ортақ бір тілде сөйлесуі қажет. Бұл мемлекеттік қазақ тілі болуға тиіс. Өз басым пост-кеңестік мемлекеттердің дамуы тақырыбында докторлық диссертациямның зерттеулері нәтижесінде байқағаным – ол 1991 жылы еліміз егенмендікті алған уақытта, статистикаға сәйкес, Қазақстандағы қазақ саны жалпы халықтың санынан бар болғаны 40%-ды құраған екен. Әрине, сол уақытта жалпылама қазақ тіліне көшу асығыс әрі қате шешім болар еді. Ал бүгін тәуелсіздіктің 25-ші жылында қазақтардың саны елімізде халықтың 65 пайызын құрап отыр. Яғни осы демографиялық тенденция сақталса, келешекте жұртымыздың саны келесі 25 жылда шамамен 90-пайызға жетеді. Сонда сол кездегі жаңа ұрпаққа мектепте үш тілде оқу қажет бола ма? Айтылып өткендей тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында елдікті сақтау үшін, мемлекетімізді тұрақты қылдыру үшін және ел ішіндегі келісімді нығайту үшін мектептерде қазақ және орыс тілдерінде оқыту практикасы қолданды. Алайда, аталған демографиялық статистикаға сүйенсек, жақын келешекте Қазақстанның болашағы оның күре тамыры қазақ халқының болашағымен тікелей байланысты екендігі даусыз. Сондықтан еліміздің жастарының барынша патриотты, қазақ мәдениетіне, тарихына берік тәрбиеленуі, оларға дұрыс білім беру бағытымен тікелей байланысты. Сол себепті, бүгінгі білім беру саласындағы реформалар – елдің баянды болашағының кепілі.

Мысалы, әлемнің алдыңғы қатарлы елі Америка Құрама Штаттарын алсақ. Бастапқыда бір-бірінен бөлек болған Американың әр штатында жергілікті халықтың құрамына сәйкес мектептерде бірнеше тілдерде білім беріліп отырған. Мысалға 1920 жылға қарай әр штатта ағылшын-испан, немесе ағылшын-индиандық (Американың көне тұрғындарының тілдері), немесе кей штаттарда ағылшын тілін көбірек қолданып, керісінше неміс тіліне шектеу қойылған. Ал, кейін барлығы жалпылай ағылшын тіліне көшкен. Бұндай өзгеріс демографиялық және белгілі бір тілдің қолдану аумағының кеңеюіне байланысты болды. Осы тұрғыда, айтып өтетін маңызды мәселе – қазақ тілінің де бүгінгі таңда қолданылуының өскендігі. Сондықтан Американың 50 штаттарының біртіндеп бір тілге бейімделу процессіне, әлем тарихы мен дамуына сүйене отырып, келешекте Қазақстанда төл қазақ тілі білім жүйесінде де, қоғамда да басты байланыс тіліне айналатындығы.

Төртіншіден, осы орайда мектептегі үш тілді енгізу мәселесін көтере отырып, келесі қосымша жайтты атап өткен жөн. Біз Қазақстанда 100-ден аса әртүрлі этностар бар және олардың тілі мен мәдениеттерінің дамуы үшін арнайы этномәдениеттік қоғамдастықтарына мемлекет тарапынан арнайы құрылған Қазақстан халықтарының ассамблеясы арқылы қолдау көрсетіліп отырғандығын әлемге үлгі ретінде көрсетудеміз. Осы көріністің өзі қазақ халкының өзге ұлттардың дәстүріне, тіліне деген құрметін көрсетеді. Алайда, мемлекет болғасын елдің тұтас бір даму бағыты болуы тиіс. Осы орайда ең ұтымдысы және орындысы – ол мектептерде жаппай мемлекеттік қазақ тілін енгізу. Аталған этномәдениет орталықтары өз тілдерін сақтау жолында мектептен тыс уақытта оқушылар үшін қосымша сабақтарын беруге құқылы. Оған қоса еліміздің Парламентінің Мәжілісіне Ассамблеядан білдей 9 депутатқа орын берілген. Олардың басты міндеті осы этностардың Қазақстанның мемлекеттік стратегиясымен қолма-қол бірлесіп, ортақ қолайлы шешім тауып, еңбектенуі, этностардың қазақ жерінде тату-тәтті тұруын қамтамасыз етуі.

Қорытындылай келе айтар мәселе – ол бүгінгі егеменді Қазақстанның білім беру жүйесінің тұрақты қалыптасуы, атап айтқанда, мектеп қабырғасындағы оқыту процессінің барынша мемлекетіміздің жарқын болашағына, келешек ұрпақтарына дұрыс бағыт беруінде. Биылғы жылы әлемде ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіп жатқан қазақ халқының азаттығы мен келешегі үшін күрескен «Алаш» арысы Әлихан Бөкейханұлы бабамыздың 150-жылдығында тәуелсіз еліміздің төрінде отырып өз тілімізді жоғалтып алмайық, ағайын.

List of articles

  1. Институт президентства как фактор построения независимой Республики Казахстан
  2. Қазақстандық «конституциялық қоғамның» қалыптасуы
  3. Тербеткен, тебіренткен ақ бесігім – Астана
  4. Астана как показатель динамики развития Казахстана
  5. 100 шагов на пути построения современного Казахстана
  6. Институциональное развитие Казахстана
  7. Cosmo-formula for cadres
  8. «Казахстан-2050»: ориентир на развитие гражданского общества
  9. Размышления о новой социальной политике Казахстана (или рабочие записи специалиста национальной компании «КазМунайГаз»)
  10. Батыс «Капиталмен» тыныстайды
  11. Космоформула подготовки управленцев
  12. Казахстанский приоритет: «двухпартийное общество» или многопартийность?
  13. Как сохранить внутреннее согласие?
  14. Партийная культура как фактор развития гражданского общества

Институт президентства как фактор построения независимой Республики Казахстан

Роль института президентства в объявлении суверинитета Казахстана

В современной литературе при рассмотрении роли и значения института президентства в Казахстане и в целом на большей части постсоветского пространства главным образом можно выделить преобладающее мнение о том, что процесс обретения независимости, строительства независимого государства, транзита советского общества в современное казахстанское гражданское общество в основном проходил благодаря созидательной и объединительной роли института президентства. Данное обстоятельство было также отмечено целым рядом исследований международных экспертов (таких как К. Андерсон, П.С. Шмиттер и Т.Л. Карл), которые подчеркивали, что институт президентства действительно придал единство, суверенность, цельность и последовательность проводимой государственной политике. Более того, экспертами была высказана такая мысль, что в постсоветских странах, в особенности в Казахстане, процесс постсоветского транзита, то есть процесс общественных преобразований, происходил под руководством и поддержке государства. Поэтому, согласно итогам исследований Шмиттера и Карла, которые они проводили в 1991 году, оказалось, что институт президентства выступал тем общественным институтом, который определял «в ручном порядке» скорость, время и содержание процесса государственного строительства в Казахстане в постсоветский период.

Важно отметить, что на сегодняшний день суверенная Республика Казахстан представляет огромный интерес для международных исследователей именно с точки зрения как одной из наиболее успешных моделей государственного строительства на всем постсоветском, а также в постсоциалистических странах, в число которых практически входит половина стран мира. Среди многочисленных и разнообразных научных работ, посвященных анализу и особенностям развития нашей страны и института президентства, можно выделить оценку известных международных исследователей Д. Обичэйна и Р. Кевлиана, которые проводили сравнительные исследования о Республике Казахстан с момента обретения ею независимости по отношению к другим постсоветским странам.

Интересным выводом стало то, что как отметили Обичэйн и Кевлиан, процесс стабильного, мирного и прагматичного, то есть взвешенного, государственного строительства в Казахстане стал возможным благодаря продолжительности лидерства Нурсултана Назарбаева и реализации его государственной политики, которая была постоянной в период становления молодого государства. Другими словами, государство в лице института президентства и самого Главы государства проводили целенаправленную единую линию в реализации стратегии государственной политики, что позволило сконцентрировать усилия государства и общества на одном направлении – на успешном и гармоничном развитии Казахстана как нового государства. Следовательно, институт президентства в Казахстане действительно явился механизмом, который определил траекторию развития страны в сложный период обретения независимости. Поэтому для того чтобы понять через какие трудности пришлось пройти нашей молодой стране для приобретения своей независимости, сегодня очень важно знать и изучать нашу историю и в особенности роль института президентства, который позволил нашему обществу объединить стремления и усилия казахстанцев на процессе построении сегодняшнего Казахстана.

Должность Президента и соответственно институт президентства был учрежден 24 апреля 1990 года на заседании Верховного Совета Казахской ССР, на котором Н.А. Назарбаев был избран Первым Президентом республики. Позже 25 октября 1990 года была принята Декларация о государственном суверенитете Казахской ССР. Данный документ стал первым основополагающим законодательным актом, заложившим основу формирования государственно-правовой системы Казахстана. Например, закрепил принцип разделения трех ветвей государственной власти на законодательную, исполнительную и судебную. Согласно Декларации, Верховный Совет (нынешний Парламент) становился высшим институтом законодательной власти, Президент становился во главе исполнительной власти, а Верховный суд – судебной власти. В ноябре 1990 года Главой государства был подписан Закон «О совершенствовании структуры государственной власти и управления Казахской ССР и внесении изменений и дополнений в Конституцию Казахской ССР». Согласно этому закону, в системе государственного управления были учреждены такие посты, как Вице-президент, Премьер-Министр (соответственно вместо Совета Министра был учрежден Кабинет Министров) и государственные советники. Более того, с этого момента при Президенте страны начали образовываться первые консультативно-совещательные органы, с помощью которых Президент мог участвовать в обсуждении наиболее важных вопросов общества, следовательно, получать альтернативную информацию, учитывать мнение представителей разных профессий и отраслей Казахстана, полезных и необходимых в процессе принятия государственных решений. Согласно Декларации, в Казахстане были реорганизованы местные органы власти (Советы народных депутатов), и на их месте были организованы областные и городские акиматы, которым передавались полномочия для формирования рыночных отношений и право на управление коммунальной собственностью.

После подготовительных мер в государственном строительстве следующим шагом стало проведение первых всенародных выборов Президента Казахстана, которые прошли 1 декабря 1991 года и по результатам которых абсолютным преимуществом голосов Президентом был избран Нурсултан Назарбаев. После того как страна обрела избранного Президента, следующим шагом стало объявление 16 декабря 1991 года всему мировому сообществу о независимости Республики Казахстан как суверенного государства, полноправного субъекта международных отношений. Эти события являются частью летописи истории обретения Казахстаном своей государственности, и именно наличие института президентства стало предвестником независимости и состоятельности нашей страны.

Роль института президентства как механизма по разрешению противоречий между ветвями власти государства

Следующей важней задачей для Казахстана после провозглашения своей независимости стала работа по обустройству жизни и деятельности казахстанцев в новом обществе. Это предполагало внедрение гражданских институтов, принятие новых законов, реформирование советской экономики под действительность современности. Все эти планируемые и необходимые изменения для развития казахстанского общества в свою очередь ставили новые требования и к институту президентства, который становился общественным институтом и с которым миллионы казахстанцев связывали свои судьбы и будущее нации.

Учитывая такое внимание и ожидания общества, а также с учетом изменений, происходящих в обществе, Президент и его команда приняли решение ускорить реформы, которые были направлены именно на реформирование политической, социальной и экономической сферы под требования времени и в целях повышения эффективности деятельности госдуарственного аппарата страны. Эти реформы проходили в период с 1991 по 1995 годы – в самые непростые годы переосмысления казахстанцами, что они теперь живут в новой реальности и что привычной образ советской жизни канул в прошлое. В связи с этим важно отметить, что краеугольной проблемой в проведении реформ было именно нежелание людей принимать новые изменения в своей жизни и в жизни общества. Необходимо сказать, что в особенности это проявлялось среди большей части представителей так называемой бывшей советской «номенклатуры», то есть государственной бюрократии, которая и определяла потенциал и возможности реализации намеченных реформ в Казахстане. Ведь именно государство выступало той движущей силой в обществе, которая определила ход и процесс постсоветского транзита, успешной и безболезненной смены общественного строя, как в Казахстане, так и во многих странах на постсоветском пространстве.

Это обстоятельство по осуществлению потенциала проведения реформ в обществе и стало новейшей историей современного института президентства в Казахстане, когда Президент Н.А. Назарбаев, понимая необходимость ускоренных реформ в обществе, принимает решение по реформированию государственного аппарата в целом. Как отмечали многие зарубежные исследователи, такие как П. Луонг, Ф. Хансон и другие, как следствие решения по проведению реформ в казахстанском обществе в этот период были приняты две конституции 1993 и 1995 годов, а также был проведен роспуск двух созывов Верховного Совета. Например, как отмечала Луонг, причиной для роспуска первых двух созывов представительной власти независимого Казахстана послужило то, что в Верховном Совете 1993 года и в Парламенте Казахстана 1995 года в то время в основном были депутаты, которые были избраны еще при советском Верховном Совете. И которые привыкли к тому, что основные государственные решения должны были быть приняты при контроле и согласии коммунистической партии, в которой согласно советской практике должен был состоять весь государственный аппарат. Однако с внедрением института президентства в Казахстане, а также с разделением государственной власти на три ветви возникал данный конфликт между исполнительной властью в лице предлагаемых реформ и законодательной ветвью власти, Верховным Советом, которые были против нового принципа по разделению власти на ветви, при которой роль коммунистической партии больше не была главенствующей в принятии решений. Это обстоятельство и привело, как писала Луонг, «к битве за парламент», в которой практически столкнулись новый внедренный казахстанский институт президентства и старая советская практика управления. Как следствие, к 1995 году, после принятия второй Конституции, Казахстан фактически определил собственный путь дальнейшего развития в сторону построения новой демократической и открытой системы государственного управления, основанной на главенствующей роли института президентства.

Чрезвычайно важно отметить, что впервые в своей практике независимая Республика Казахстан испытала то, что в политической науке называется «балансом сил» в устройстве работы государственной власти. Был поставлен закономерный вопрос, а что делать в том случае, если в последующем будут возникать подобные ситуации, когда государственные ветви власти могут оказаться в конфликте относительно, например, принимаемых законов, бюджета страны, вопросов национальной безопасности, стратегического развития, международных отношений, согласованности отношений центра и регионов, вопросов экологии, государственной границы, внутренней, национальной и внешней политики и других вопросов? Какой общественный институт или механизм будет выступать в качестве арбитра или разрешать подобные моменты? Поэтому в целях исключения подобных ситуаций, которые в принципе могут помешать процессу строительства независимого государства и усилить центробежные тенденции, Первый Президент Республики Казахстан Н.А. Назарбаев и его соратники, понимая всю ответственность перед страной и гражданами, инициировали принятие второй Конституции страны 1995 года, которая как раз и определила институт президентства как гарант и символ единства народа страны; единства, подотчетности и согласованности функционирования всех ветвей государственной власти; арбитра или механизма для утверждения государственных решений и стратегий развития нации, основываясь на конституционном положении о закреплении президентской системы правления в Республике Казахстан. С этого момента в Казахстане на государственном уровне официально была принята президентская форма управления, которая предоставила широкие полномочия для Главы государства с целью создания возможности для равноудаленности Президента от законодательной, исполнительной и судебной власти, которые теперь становились в равной степени подотчетными Президенту страны. Данное законодательное положение, как мы видим, позволило Казахстану проводить единую стратегию и политику развития, которые сегодня заслужили признание международного сообщества и позволили войти нашему государству в число стран с одной из успешных моделей современного развития.

Роль Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации в формировании устойчивой политической системы в Республике Казахстан

Сегодняшние достижения Казахстана, конечно, были бы не осуществимы без участия в процессе государственного строительства с первых дней независимости Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Нурсултана Абишевича Назарбаева. Благодаря огромной воле и труду Главы государства сегодня стало вообще возможным появление такого понятия, как «казахстанская модель развития», которое изучается во многих странах, исследовательских институтах и центрах. Например, как закономерно отмечают научные, академические и экспертные центры, как стало возможным, что Казахстан, будучи населенным малочисленным населением на огромной территории с богатейшими природными ресурсами, с многонациональным и многоконфессиональным населением, в которой в начале независимости только 40 процентов населения составляли сами этнические казахи, страна, находящаяся в центре Евразийского материка, окруженная большими геолполитическими игроками в мире, смогла, во-первых, укрепить и проводить суверенную государственную политику, во-вторых, в годы кризиса и становления государственности построить новую столицу Астану, в-третьих, показать другим странам пример выстраивания успешных и гармоничных дипломатических отношений со всеми странами через призму многовекторности, институционально закреплять мир и согласие в сфере межэтнических, межрелигиозных и межкультурных отношений внутри общества, пригласить в первые же годы независимости около миллиона этнических казахов на Родину и тем самым привлечь дополнительное население в страну, отказаться от четвертого в мире оружия массого уничтожения, при этом сохраняя космическую отрасль и в целом поднимая экономику на новый уровень развития, отправлять молодежь за счет госдуарства для обучения по президентской программе в лучших университетах мира, тем самым привлекая ноые знания в Казахстан. На все эти закономерные и многие другие вопросы можно ответить тем, что Первым Президентом Республики Казахстан является Н.А. Назарбаев.

В первые годы становление независимого Казахстана и строительство нового государства не было легким процессом. Например, как отмечали международные аналитические центры, к началу 1990-х годов XX века и после распада СССР было очень высоко предположение, что Казахстан не состоится как государство, учитывая национальный состав и демографическое положение нашей страны, обширность территории и региональные различия, например, то, что север страны был более индустриально развит по сравнению с другими регионами. Необходимость модернизации практически всей экономики, которая была ориентирована на добычу природного сырья без получения конечной продукции, отсутствие практики принятия важных государственных решений за годы советской власти и соответственно собственных гражданских институтов только усиливали эти предположения и опасения. Однако годы, прошедшие с момента обретения независимости, доказали, что политика и стратегия Первого Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева стали успешными и верными. Казахстан сегодня узнаваем и признан мировым сообществом. Это означает, что наша страна смогла стать устойчивым и перспективным государством, в котором казахстанцы смотрят с уверенностью в собственное будущее. Эти заслуги по построению независимого Казахстана всегда будут связаны с именем Первого Президента страны Н.А. Назарбаева.

 

Қазақстандық «конституциялық қоғамның» қалыптасуы

foto«Көп ісінде береке»

Халық мақалы

Әр халықтың және әр қоғамның өзіндік даму жолы болады. Сол даму жолын жүзеге асыру үшін ел ішінде, халықтың түсінігінде ортақ мүдде, талаптар, құндылықтар болуы тиіс. Ондай жалпыға ортақ құндылықтар қалай пайда болып және қалай ел ішінде кеңінен қолдауға ие болады? Әрине, бұл қоғам мүшелерінің өз-ара ортақ шешім мен келісімге келіп, бірегей мүдделерінің тоғысқан сәттерінде ғана жүзеге асады. Ерте замандардан бері бұндай келісімге халықтар баршаға ортақ қабылданған заңдар мен ережелер, яғни конституция арқылы қол жеткізген.

Қазақ жерінде тәуелсіз мемлекетіміз бой көтерген сәттен бастап, халқымыз өз ата-заңын қабылдап, еліміздің дамуына серпін берді. Көне ойшыл Сенека айтқанындай: «Қай жағаға барарын білмейтін кемеге, жол сілтейтін жел болмайды». Сол сияқты, мемлекетіміз егемендіктің алғашқы жылдарында конституциямызға бейбітшілдік, азаматтық, еркіндік, теңдік және келісімдік секілді қасиетті құндылықтарды енгізе отырып, елімізді әлемдегі озық дамыған елдер арасыннан табылуын көздеді. Осы орайда еліміздің конституциясы халқымыздың өз алдына қойған мақсатын айқындайтын аса құнды құжат ретінде бағаланды.

Алайда өмірде де, табиғатта да ауыспалы, өзгеріске енетін кезеңдері болатыны белгілі. Сол себептен еліміздің ата-заңы заман талабына, халықтың тұрмысына, мемлекеттің дамуына сай өзгеріске түсіп отырады. Бұл орынды құбылыс. Әйтпесе бүкіл қоғамға ортақ дамуды көздейтін ережені немесе заңды барша халыққа конституция арқылы болмаса қандай басқа жолмен еңгізуге болады? Сондықтан ел ішіндегі әр азаматтың өмірі мен келешегі сол қоғамның ата-заңымен тығыз байланысты.

Біздің халқымыздың сан ғасырлық тарихы осындай ата-заңдарды қабылдау арқылы сақталып, дами алды. Себебі тәртіп пен ата-заң сақталған жерде жүйелік пен өркендеу болады. Осының мысалы ретінде қазақ халқының ежелгі ата-заңының негізін қалаған әйгілі Шыңғыс ханның «Жасау ісі» атты мемлекетті басқарудағы билік заңдарын айтуға болады. Олардың ең басты мақсаты – Ұлы көшпенділер даласында барлық адамдарға ортақ, бейбітшілдік пен келісімді, сыйластық пен құқықтықты сақтайтын салт-дәстүрді қалыптастыру болды. Сондай мақсатқа қол жеткізілді де. Өткені тарихқа көз жүгіртсек, 1206 жылы Шыңғыс хан дәуірінде қабылданған «Жасау ісі» заңдар формуласы адамзат тарихындағы ең үлкен әрі ұзақ уақытқа сақталған империялардың бірін құруға мұрындық болды.

Мысалы, сол уақыттарға шамалас келген 1215 жылы Британияда ең алғаш қабылданған «Магна Карта» (Magna Cartha) атты ата-заңдар жинағы кейін сол елдің Ұлыбритания атанып, әлемдегі алдыңғы қатарлы елдер арасынан табылуына үлкен септігін тигізген еді. Бүгінгі уақытта «Магна Картаны» алып қарасақ (мысалы, оның жазба түрін британдық мұрайжай көрмелерінен немесе қазіргі әлеуметтік жүйелер беттерінен табуға болады), сол кездегі британдықтардың ортақ құндылығы, бүгінгі заманның құндылықтарына сайма-сай келіп отыр. Олар қоғамның ішіндегі әр азаматтың еркіндігі мен теңдігін қамтамасыз ету, құқық, сот және заңдардың әділ орындалуы, қоғам қатынастарының ашық болуы, мемлекеттің тиімді түрде жұмыс істеуі секілді талаптар.

Қазіргі уақыттағы алдыңғы қатарлы мемлекеттердің дамуына көз жүгіртсек, олардың көбінің жетістіктерінің негізі, кезінде көне ойшыл Аристотель айтып өткендей, «конституциялық қоғам» (Constitutional polity) принциптерін құрумен байланысты болып отыр. Конституциялық қоғам дегеніміз – конституция негізінде даму. Жоғарыда айтылып өткендей, қоғамдағы халықты бір мақсатқа жұмылдырып, нәтижеге қол жеткізу үшін ортақ құндылық, негіз болуы керек. Бұл сол қоғамның ата-заңы арқылы іске асатын шара. Сондықтан, ата-заңы мықты ел – ол «конституциялық қоғам».

«Конституциялық қоғамның» сипаттарының, әрі ерекшеліктерінің бірі, ол азаматтық қоғам қағидаларын кеңінен дамыту болып табылады. Мысалы, осы мәселеге қатысты кезінде француз ойшылы Жан-Жак Руссоның 1765 жылы шыққан «Корсика аралына арналған конституциялық жоба» және басқа да қол-жазбаларының негізінде бүгінгі Америка Құрама Штаттарының конституциясы жазылғанын ескерсек, онда Руссоның айтуына сәйкес ел дербес мемлекет ретінде қалыптасу үшін ең бастысы өзінің конституциясын күшейтуі қажет. Руссо бұл мақсатта қоғам ішіндегі тұрақтылықтың сақталуына үлкен мән бере отырып, өз елінің ата-заңына сүйеніп, қоғамның тұрақтылығы мен келісімін сақтай алған мемлекет, сыртқы елдердің экономикалық, саяси және тағы басқа ықпалдарына берілмей, дербес ұлттық саясатын жүргізе алатындығын атап көрсеткен. Өйткені, өз ата-заңына, азаматтарының біліктілігіне сенім артып отырған мемлекет іштей мықты, әрі біртұтас күш сияқты.

Француз ойшылы атап өткендей, мемлекет өзінің қаржы жағынан бай болмаса да, адамдарымен бай болуы тиіс. Себебі конституцияда жазылған құндылықтар мен заңдарға сәйкес, елдің азаматтары да сол бағытта тәрбиеленіп, сол бағытта қалыптасып, дамиды. Сондықтан, мемлекет әрқашанда конституцияға сүйеніп, ал конституция әрдайым халықтың мүддесіне қарай жұмыс істеуі керек. Осы тұрғыда елімізде іске асқалы отырған институционалдық реформалар – болашақта «конституциялық қоғам» құруға бағытталған сара жол.