Конституция – дамудың кепілі

Өзімнің ағылшын профессоры, «дамушы елден бәсекеге қабілетті елге транзиті» атты концепциясының авторы, П. Фердинандпен болған сұхбатымда менің қызығушылық танытып сұрағаным бар еді – неге заманауи мемлекеттерге институционалдық реформаларды жүргізу соншалықты маңызды? Неліктен арнайы даму «модельдерін» зерттеп, қабылдау қажет? Өйткені қоғамның жаңғыртылуы мен реформалардың жүргізілуі адамдарға байланысты емес ғой. Сондағы маған профессордың айтқаны, әрине реформаларды көшбасшылар енгізеді, алайда сол өзгерістердің әрі қарай қалыпты түрде дамуы қоғамдағы институттарға байланысты.

Институционалдық реформаларды жүргізудің маңыздылығы жайында Германияда 1990 және 2000 жылдар аралығында орын алған мысалды келтіргім келеді. Бұл уақыт аралығында неміс қоғамында Германия өзінің өркенді дамуын әрі жалғастыру үшін қандай жолмен дамуы тиіс деген мәселе бойынша қызу талқылау жүріп жатты. Еуропадағы экономикасы ең мықты дамыған Германия секілді ел осындай сұрақты талқылауға мәжбүр болғандығы мүмкін қазіргі жағдайда елестету қиын шығар, тіпті сенгісіз болып көрінуі мүмкін. Алайда бұндай талқылау келесі жайттан туындады. Неміс зерттеушілері Б. Хомбак, Р. Дахендорф, А. Гидденс және М. Ленардтың пайымдауларынша, ХХ ғасырдың 90-ы жылдарының басындағы Германия қоғамы өзін Еуропадағы ең алдынғы мемлекет есебінде көріп, сол кезге жеткен дамуын шегелеп қоюды шешкен. Дегенмен 2000-ы жылдарға қарай немістердің өздерінің мойындауларынша елдің әлеуметтік-экономикалық моделі басқалармен салыстырғанда күрт төмендеп, артта қалып қойды. Сондықтан оны жедел түрде реформалауды қажет етті. Бұл жағдай айтылған неміс қоғамының шешімінің салдары болды. Себебі қабылданған әлеуметтік даму модельге сәйкес ілгері модернизациялану мен қоғамның реформаландыруы қарастырылмаған еді. Нәтижесінде Германия тоқырау мен үдемелі кедейшіліктің келбетін иелене бастады. Немістердің танымал публицисті Юрген Роттың сол кездегі шыққан кітабында Германия әлеуметтік, мәдени және саяси өмірінде кейін қалған ел ретінде суреттелген. Тек 1990 мен 2000 жылдар аралығында Германиядан 900 000 жас немістер эмиграцияға кеткен. Бұндай жағдай Германияда Екінші әлем соғысынан бері болмаған жағдай болды. Неміс жастарының айтуларына сәйкес олардың елден кетулерінің ең басты себебі – неміс қоғамының «қатып қалған» жағдайы мен келешек дамудың жоқтығы еді. Бұл Германияның қоғамдық институттарды реформалаудан бар болғаны 10 жылға кешіктірілгендігінде болды.

«Қатып қалған» онжылдықтың нәтижесі ретінде Германияда келешек даму мәселесі төңірегінде саяси және сарапшы орталарында тоқтаусыз пікірталастар орын алды. Неміс халқының мойындауынша бұндай үздіксіз пікірталастар елдің проблемаларын шешуде, экономиканы жаңғыртуда, халықтың ахуалын көтеруге бағытталған ортақ әрі нақты жоспардың болмауына әкелді. Сол себепті, елдің әлемдегі орын алып жатқан жағдайларға өзіндік баға бере алатын сыртқы саясаттың болмауына да себепші болды. XX ғасырдың 90 жылдарының аяғына қарай Германияда «жаңа қоғам» құру идеясы кең етек жайды. Сол уақытта немістерді ең басты қызықтырған cұрақ ол олардың күнделікті жеке өмірлерін жақсартуға бағытталған түсінікті және нақты шешімдер еді.

Сондықтан бүгінгі таңда еліміздің жеткен көптеген жетістіктері мен ауқымды нәтижелеріне қарамастан конституциялық реформалар аясында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саяси өкілеттілікті Президент институтынан биліктің басқа институттарына беру ұсынысы уақтылы және орынды деп есептеймін. Себебі бұндай бастама Қазақстанды ұзақмерзімді келешекте заманауи әрі озық мемлекеттердің қатарына кіруіне себепші боларына сенімдімін.

Advertisements

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

w

Connecting to %s